COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан университетінде жаңа конституция жобасы бойынша талқылау өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінде профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылған өзгерістер жобасы талқыланды.

Іс-шара барысында мемлекеттік басқару және өкілді орган жүйесін жаңарту, адам құқықтары мен бостандықтарын күшейту, сот билігі мен конституциялық бақылауды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

 

Жиын барысында Стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Құдайбергенов Арман Ерғалиұлы және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмаділдаев Мұрат сөз сөйлеп, конституциялық реформалардың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ профессор-оқытушылар ұсынылған өзгерістердің құқықтық мемлекетті нығайтудағы рөлін атап өтіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.