COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Ұлттық өнерді ұлықтаған кәсіби кездесу

 

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасына қарасты «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы (бұдан әрі – Мекеме) ағымдағы жылдың 25–26 қараша күндері «Қолөнершілердің кәсіби біліктілігін арттыру» атты іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – өңіріміздегі талантты қолөнер шеберлері мен шығармашылық иелерінің кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ олардың туындылары арқылы ұлттық өнердің көркемдігін және мәдени мұрамыздың байлығын кеңінен насихаттау.

Іс-шара аясында зергерлік, ағаш өңдеу, қыш, жібек бұйымдары сияқты қолөнер бағыттары бойынша туындылар ұсынылып, олардың көркемдік деңгейі, ұлттық нақышты бейнелеу ерекшелігі және орындау шеберлігі тұрғысынан бағаланды.

Осыған орай, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының сеньор-лекторы Сарсембаева Меруерт Сейдалиевна іс-шараға іріктеу комиссиясының мүшесі ретінде, ал сеньор-лектор Куатбекова Раушан Илесбековна тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысып, аталған іс-шараға қосқан үлестері үшін Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н. Календеровтың Алғыс хаттарымен марапатталды.