COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Ғылыми апталықтың қорытынды күні

 

Бүгін «Педагогика» факультетінде бір апталық ғылыми-шығармашылық жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Апталық барысында үш кафедра – «Жалпы педагогика», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілдері» кафедралары атқарған жұмыстарын таныстырып, мазмұнды есептерін ұсынды.

 

Кафедралар облыстық эссе, олимпиада, дөңгелек үстел, дебат және студенттердің ғылыми ізденістеріне бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырып, факультеттің ғылыми әлеуетін айқын көрсетті.

 

Қорытынды жиында ғылыми апталықтың жоғары деңгейде өтуіне еңбек сіңірген профессор-оқытушылар құрамына алғыс хаттар табысталды. Белсенділік танытып, сапалы жұмыс көрсеткен әріптестер факультеттің дамуына үлкен үлес қосты.

 

Бұл апталық – болашақ педагогтардың ғылыми мәдениетін қалыптастыруға, олардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.

 

Жұмыстарымен ерекшеленген барлық оқытушылар мен студенттерге алғыс айтамыз!

Ғылым жолындағы ізденістеріңіз жалғаса берсін!