COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Sherkhan Students Week» апталығы қорытындыланды

 

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Студенттер үйінде ұйымдастырылған «Sherkhan Students Life» тимбилдинг шарасы өтті. Бағдарлама аясында студенттер командаларға бөлініп, түрлі бағыттағы тапсырмаларды орындап, логикалық ойындар мен шығармашылық кезеңдерде өз қабілеттерін көрсетті.

 

 

Кештің ресми бөлігінде университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік пен жаңа жетістіктер тіледі.

 

 

Командалар өз топ атауларын, эмблемаларын қорғап, таныстыру кезеңі және тайм-менеджментке арналған тренингтер бойынша өнер көрсетті. Сондай-ақ сергіту ойындары, логикалық сайыстар және студенттердің шығармашылық мини-шоу бағдарламасы ұсынылды.

 

 

Сонымен қатар студенттерге арналған торт кесу рәсімі өткізілді. Кеш соңында қатысушылар мен командаларға университет атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

 

 

Жалынды жастардың басын қосқан бұл тимбилдинг студенттер апталығының жарқын қорытындысы болды. Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шара келесі жылы да өз жалғасын табатын болады.