Студенттік кезең-қайтып келмейтін кезең

Ағымдағы жылдың 12 қараша күні жоспарға сәйкес 6В01101-“Педагогика және психология”, 6В01201-“Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, 6В01301-“Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттерімен “Студенттік кезең -қайтып қелмейтін кезең” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Кураторы: сеньор-лектор, Таджикова А.Д.

Студенттік шақ – арман мен үміттің уақыты
Студент болу – жай ғана оқу емес. Бұл – өз өміріңді жаңа парақтан бастау, өз жолыңды табу.

Мектеп қабырғасындағы балалық шақ артта қалып, жаңа өмір есігі ашылады.
Студенттік өмірде біз өзімізді танимыз, өз қабілетімізді сынаймыз, армандарымызды іске асырамыз.

Әр таң ертең сабаққа асығып, достармен кездесіп, тапсырма орындап, кейде түн ұйқымызды қиып емтиханға дайындалу – бәрі де студенттік өмірдің тәтті естелігіне айналады.
Сол үшін студенттік шақ – өмірдің ең шынайы, ең таза кезеңі деп айтуға болады.

13 Нояб 2025
353