“Шерағаның шекпенінен шыққанбыз…” – Рухты Жүздесу

Көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туған күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде мағыналы шара өтті!
Ұлы тұлғаның мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған “Шерағаның шекпенінен шыққанбыз…” атты кездесу кеші білімгерлер мен оқытушылар үшін ерекше рухани азық болды.

Кездесудің құрметті қонақтары:
Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры – Әбдіхалық Жасұлан Лесбекұлы
Шерхантану бөлімінің басшысы – Мадияр Ералыұлы

Қонақтар Шерағаның өмір жолы, шығармашылығы және оның қазақ әдебиеті мен журналистикасындағы орны туралы терең ойлар бөлісті. Студенттер ұлы қаламгердің адами қасиеттері мен еңбекқорлығы туралы тың деректерді естіп, рухани шабыт алды.

Бұл кездесу ұрпақтар сабақтастығын жалғап, студенттердің бойына ұлттық рухты сіңіруде маңызды рөл атқарды. Шерағаның шекпенінен шыққан әрбір жастың оның өмірлік ұстанымын үлгі етуі – біздің басты мақсатымыз!

26 Сен 2025
324