COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

"WELCOME TO SHERKHAN UNIVERSITY" студенттерді қабылдау салтанаты

 

Шерхан университетінің студенттік өміріне қош келдіңіз! Жуырда университетімізде "WELCOME TO SHERKHAN UNIVERSITY" атты 1-курс білімгерлерін студент қатарына қабылдауға арналған керемет кеш өтті. Бұл салтанатты шара дәстүр бойынша Шерхан аллеясында ұйымдастырылды.

 

 

Кештің басты сәті — 4-курс студенттерінің Университет туын 1-курс студенттеріне тапсыру рәсімі болды. Бұл рәсім жас білімгерлер үшін үлкен жауапкершілік пен үздіксіз білім жолының символына айналды.

Салтанат барысында жаңадан келген студенттерге декандар таныстырылды, олардың әрқайсысы жылы лебіздерін білдіріп, табыс тіледі. Сондай-ақ, студенттік өмірдің маңызды бөлігі — Студенттік ректораттың өкілдері өздерінің жұмыстары мен байланыс нөмірлерін жариялады.

 

 

Мерекелік көңіл-күйді әндер мен қызықты конкурстар одан әрі арттыра түсті. Білімгерлер "Жаңа есімдер" тақтасында өздерінің алғашқы фотосуреттерін орналастырып, университет тарихындағы өз ізін қалдырды.

Шара аясында ұйымдастырылған спорттық эстафетаның жеңімпаздары марапатталып, олардың белсенділігі мен жеңіске деген ұмтылысы құрметтелді.

 

 

 

Салтанатты кештің соңы жалынды дискотекамен жалғасып, жаңа студенттер үшін ұмытылмас сәттер сыйлады. Бұл кеш 1-курс білімгерлерін Шерхан университетінің үлкен отбасына қабылдаудың бастауы болды!

Шерхан университетіне қош келдіңіздер! Білім жолында сәттілік тілейміз!