Бокстан Әлем чемпионы, Шерхан университетінің студенті Алуа Балқыбекова «Құрмет» орденімен марапатталды

Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 68 мемлекеттің арасынан оза шауып, бірінші орынға ие болды. Жаһандық аламанда 7 мәрте Әнұранымыз шырқалып, 7 мәрте Көк туымыз көкте желбіреді.

Бұл жеңістің қуанышын еселей түскен жаңалық – Шерхан университетінің студенті, чемпион Алуа Балқыбекова ел Президентінің қолынан «Құрмет» орденін иеленді.
Бұл – табандылықтың, қажырлы еңбектің, мықты дайындықтың жемісі. Алуа - біздің мақтанышымыз!

19 Сен 2025
455