Президент Жолдауы – жаңа цифрлық дәуірге бағытталған бағдар

Шерхан Мұртаза атындағы Тараз өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Президент Жолдауында цифрлық технологияларды, әсіресе жасанды интеллекті (ЖИ) дамытудың маңыздылығын атап өтті. Онда білім беру жүйесін цифрландыру, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жеделдету және бұл бағытта білікті кадрлар дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Университет ұжымы Жолдауда көрсетілген бағыттарды толық қолдайтынын білдірді. Атап айтқанда, білім беру процесіне жасанды интеллект негізіндегі инновациялық әдістерді енгізу, студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру және ғылыми жобаларды дамыту бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады.
Бұл Жолдау университет үшін жаңа цифрлық технологиялар мен ғылыми жетістіктерді игеруде маңызды бағдар болып табылады. Университет басшылығы білім беру мен ғылымды интеграциялау арқылы еліміздің цифрлық дамуына үлес қосуға дайын.


09 Сен 2025
357