COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Университет ректорынан алғашқы дәріс

 

Жаңа оқу жылының алғашқы аптасында Шерхан Мұртаза атындағы Тараз өңірлік университетінде білім алуға келген 1-курс студенттеріне университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков дәріс оқыды.

Дәріс "Шерхан Мұртаза: өмірі мен шығармашылығы" тақырыбына арналды. Ректор өз сөзінде ұлы қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасына тоқталып, студенттерді университет тарихымен, қазіргі жетістіктерімен және келешектегі жоспарларымен таныстырды.

 

 

Осы іс-шара "Маркетинг және жарнама" басқармасы мен "Жастар саясаты және тәрбие жұмыстары" басқармасының ұйымдастыруымен өткен танысу кешімен жалғасты. Бұл студенттердің жаңа ортаға тез бейімделіп, университет өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Дәріс соңында Жастар ісі жөніндегі комитет өз ұйымдарының таныстырылымын өткізді.