COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Шерхан университетінде болды

Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Шерхан университетінде болды

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун профессор-оқытушылар құрамы және университет қызметкерлерімен ашық диалог форматындағы кездесу өткізді.

 

 

Кездесу университеттің акт залында өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыруға жауапты өкілдері, университет басшылығы, факультет декандары, цифрлық даму және IT саласына қатысы бар құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қатысты.

 

 

Вице-министр «Цифрландыру мен жасанды интеллекттің жаңа трендтері: өңірлер үшін мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстандағы цифрлық саясаттың негізгі бағыттарына тоқталды. Ол мемлекеттік қызметтерді цифрландыру,өңірлердегі цифрлық инфрақұрылымды дамыту,университеттер мен IT кадрларын даярлаудың өзара байланысы, жасанды интеллекттің әлеуеті мен қауіптері туралы өзекті мәселелерді көтерді.

 

 

Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар спикерге тікелей сауал қойып, пікір алмасты. Университет ұжымы өңірлік ЖОО-лардың цифрлық ортаға бейімделуі, IT-маман даярлау сапасы, цифрлық сауаттылықты арттыру бағытында ұсыныстарын білдірді.

 

 

Университет ректоры Махметғали Сарыбеков өз сөзінде вице-министрдің келуі – білім беру мен цифрлық саясаттың түйіскен жерінде маңызды диалог орнауына себеп болғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта университеттің цифрлық трансформация бағытында министрлікпен өзара ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.

 

 

Осындай мазмұнды кездесулер — университет ұжымы мен студенттер үшін стратегиялық ой қалыптастырып, нақты әрекеттерге бастайтын маңызды алаң.