COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Жаңа белеске қадам: экономика факультетінің түлектеріне диплом табысталды

Жаңа белеске қадам: экономика факультетінің түлектеріне диплом табысталды

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Экономика және бизнес» факультетінің түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті. Биыл бұл факультетті 95 студент тәмамдап отыр.

 

 

Салтанатты жиын университеттің акт залында өтіп, ерекше әсерге толы сәттерге ұласты. Шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар, ата-аналар мен құрметті қонақтар қатысты.

 

 

Салтанатты кеште алғашқы болып университет президенті Нұржан Муслимов сөз алып, түлектерді құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар бірқатар студенттерге дипломдарын табыстады.

 

 

Одан кейін сөз алған университет ректоры, профессор Махметғали Сарыбеков те бітіруші түлектерге жылы лебізін арнап, салтанатты түрде дипломдар тапсырды.

 

 

Шара барысында университет президентінің кеңесшісі Жүсіпбек Сүлейменов сөз сөйлеп, бітірушілерге жүрекжарды тілек білдіріп, бірнеше студентке диплом табыстады.

 

 

Факультет түлектерінің ішінде оқу үлгерімімен ғана емес, қоғамдық белсенділігімен де көзге түскен 3 студентке «Шерхан» сыйлығы мен Алғыс хаттар табыс етілді. Бұл марапат – университет өміріне белсене араласып, біліммен қатар тәрбие мен руханиятты қатар алып жүрген жастарға беріледі.

 

 

Салтанатты рәсімнен кейін кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Өңірімізге танымал әншілер сахна төріне шығып, түлектерге арнап әсем әндер шырқап, ата-аналар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

 

«Экономика және бизнес» факультетінің 2025 жылғы түлектері – енді ел экономикасының әртүрлі саласында қызмет ететін болашақ мамандар. Университет ұжымы барлық түлектерге жарқын болашақ, кәсіби табыс пен биік белестер тілейді.

Жолың болсын, жас маман!

 

Шерхан университетінің
Баспасөз қызметі