Жеңімпаздарға құрмет

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде XIII Жазғы Универсиадада топ жарған спортшы студенттерге арнайы марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар, сондай-ақ жетекшілік еткен оқытушыларға да құрмет көрсетілді.

Жүлде иелеріне университет атынан төмендегідей сыйақылар табысталды:
I орын — 50 000 теңге
II орын — 40 000 теңге
III орын — 30 000 теңге

Сондай-ақ, алтын медаль иегерлеріне арнайы ректор гранты берілетін болды. Ал күміс пен қола жүлдегерлерге комиссия шешімімен оқу ақысынан жеңілдіктер қарастырылады. Спортшылардың жеңісіне сүбелі үлес қосқан оқытушылар мен жаттықтырушыларға да қаржылай қолдау көрсетілді.
Алтын медаль иегерлері:
Оңғаров Нұрзат Нұрғалиұлы (бокс)
Боранбек Бексұлтан Рахатұлы (бокс)
Марлен Гүлдана Мадиярқызы (қазақша күрес)
Өтеулі Сезім Әлібекқызы (қазақша күрес және дзюдо)
Сапарғалиев Асқар Сәкенұлы (каратэ-до)
Дербес Меруерт (таеквандо)
Күміс медаль иегерлері:
Шарап Айбек Сәрсенұлы (каратэ-до)
Кенжебеков Бағлан Ерланұлы (бокс)
Көшербай Асылхан Қадирханұлы (бокс)
Әлиасқар Сымбат Бақбергенқызы (бокс)
Болат Назерке Рауанқызы (бокс)
Дружинина Юлия Артемовна (жүзу)
Футбол командасы құрамында:
Өмей Әділет Азаматұлы
Асанбек Тоқтар Манарбекұлы
Нұрсұлтанұлы Диас
Жамбыл Мерей Тәттібекұлы
Жұмат Мүслім Азаматұлы
Нышанов Аман Ғабитұлы
Сейтов Давранбек Ахматжанович
Әбіш Мади Мақсатұлы
Кәкен Мейірхан Ғалымжанұлы
Әбділхай Бейбарыс Төлегенұлы
Күмісбек Жасұлан Қанатұлы
Кувантканов Тәуіржан Бауыржанұлы
Қола медаль иегерлері:
Сайдахраров Икромжан Шерзотович (бокс)
Цой Анжелика Ильшатовна (бокс)
Абдулла Олжас Нұржігітұлы (бокс)
Данайбек Аружан Жанарбекқызы (қазақша күрес)
Тоқтахан Мадияр Қанатұлы (еркін күрес)
Темірбай Нұрдаулет Алмасұлы (таеквандо)
Дәулет Данияр (таеквандо)
Өтеулі Сезім Әлібекқызы (дзюдо) – қосымша қола

Айта кетейік, XIII Жазғы Универсиада Түркістан қаласында өтіп, оған Қазақстанның 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысты. Бәсекелі додада спортшылар 20-дан астам спорт түрі бойынша бақ сынады.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті осы жарыста тарихи жетістікке жетіп, 6 алтын, 7 күміс, 10 қола медальмен жалпы командалық есепте үздік ондыққа енді. Бұл – университет тарихындағы бұрын-соңды болмаған биік нәтиже.
Бүгінгі жеңіс – ертеңгі ел үміті. Шерхандық спортшыларға жарқын жол тілейміз!

18 Июнь 2025
769