COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Ақмола мен Астана өңірлерінде кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді

Ақмола мен Астана өңірлерінде кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді

 

2025 жылдың 14–22 мамыр аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің кәсіби бағдар беру тобы Ақмола облысы мен Астана қаласының бірқатар білім беру ұйымдарында мектеп түлектерімен кездесті. Мақсат — оқушыларға дұрыс мамандық таңдау жолын көрсету, білім ордасының мүмкіндіктерімен таныстыру және кәсіби бағыт-бағдар беру.

 

 

14–15 мамыр күндері Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласы мен Қызылағаш, Кенесары, Мәдениет ауылдарындағы мектептерге сапар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, №7 мектеп-лицейі, №9 мектеп-гимназиясы, Абылайхан атындағы жалпы орта білім беретін мектеп, Қ.Сәтбаев атындағы және Е.Исмаилов атындағы ауылдық мектептер қамтылды.

 

 

16–17 мамырда кәсіби бағдар жұмыстары Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданына жалғасты. Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейі, М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясы, С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі, №19 және №21 мектептер, сондай-ақ Елікті, Еленовка, Қызылсая ауылдарының мектептері кездесулер алаңына айналды.

 

 

19–22 мамыр аралығында кәсіби бағдар жұмыстары еліміздің бас қаласы — Астана мен Ақмола облысының Целиноград ауданы мектептерінде өтті. Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаев, Смағұл Сәдуақасұлы, Әлкей Марғұлан, Міржақып Дулатұлы есімдерін иеленген мектеп-гимназиялар мен №71, №40 мектеп-лицейлерінде кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар Талапкер және Ақмол ауылдарының мектептеріндегі түлектермен де мазмұнды әңгіме өрбіді.

 

 

Кездесулер барысында арнайы әзірленген «Шерхан университеті даму жолында» атты бейнеролик көрсетіліп, университеттің білім беру саласындағы жетістіктері мен студенттік өмір ерекшеліктері жан-жақты таныстырылды. Университеттің заман талабына сай білім беру бағыттары, жұмысшы мамандықтарға сұраныс, дуалды оқыту жүйесі, әлеуметтік қолдаулар мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары жөнінде толық ақпарат берілді.

 

 

Түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты, жан-жақты жауаптар ұсынылды. Кәсіптік бағдар мамандары оқушыларға мамандық таңдауда саналы шешім қабылдаудың маңыздылығын баса айтты. Мектеп әкімшіліктері мен ұстаздар қауымы аталған іс-шараға оң баға беріп, алғыстарын білдірді.

 

 

Аталған сапарға жетекшілік еткен – Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Электрондық диспетчерлік секторының жетекшісі Қазжанов Ғалым Төлегенұлы.