Кешенді емтихан – кәсіби шеберліктің сын сәті!
19.05.2025 ж. ”Педагогика” факультеті, “Жалпы педагогика” кафедрасы 6В01301 – “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері бекітілген кестеге сәйкес кешенді емтихан тапсырды.
Емтихан барысында студенттер теориялық білім мен практикалық дағдыларын ұштастырып, сұрақтарға мазмұнды, нақты және дәлелді жауап берді. Бұл олардың кәсіби дайындық деңгейінің жоғары екенін және болашақ маман ретінде қалыптасып келе жатқанын көрсетті.
Барлық студенттерге алдағы кәсіби жолдарыңызда сәттілік тілейміз!