Дипломдық жұмыстарды қорғау
2025 жылғы 16 мамырда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті Педагогика факультетінің «Жалпы педагогика» кафедрасына қарасты 6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері дипломдық жұмыстарын сәтті қорғады. Әрбір студент таңдаған зерттеу тақырыбы аясында ғылыми-практикалық мәселелерді жүйелі түрде талдап, кәсіби құзыреттілігін дәлелдей білді.