Кешенді мемлекеттік емтихан
Бүгін, 15 мамыр 2025 жылы “Педагогика” факультетінің “Жалпы педагогика” кафедрасы бойынша 6B01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері кешенді мемлекеттік емтихан тапсырды. Болашақ тәрбиешілеріміз өздерінің терең теориялық білімін, кәсіби құзыреттілігін және практикалық дайындықтарын жоғары деңгейде дәлелдеп шықты.
Әр жауап — білім мен еңбектің жемісі!
Сәттілік тілейміз, түлектер!
Сіздер – келешек ұрпақтың жарқын жолын бастайтын кәсіби мамандарсыздар!