COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінен жас спортшыларға қолдау

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінен жас спортшыларға қолдау

 

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Жамбыл облысында қазақ күресінен 11-сынып оқушылары арасында «Оқушы Арланы» және «Оқушы Қыраны» атты облыстық ашық турнир өтті.

 

 

Дәстүрге айналған бұл жарыстың биылғы ерекшелігі — Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті талантты жас спортшыларды қолдау мақсатында ресми серіктес ретінде қатысып, жеңімпаздарға оқуға арнайы жеңілдіктер мен ректор грантын тағайындады.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен өткен бұл байрақты бәсекеге өңірдің әр ауданынан және Тараз қаласынан жас спортшылар қатысып, боз кілемде бақтарын сынады. Жарыс нәтижесінде үздік шыққан спортшыларға университет атынан оқуға жеңілдіктер мен ректор гранты тағайындалды. Атап айтқанда, бірінші орын алған балуандарға – 100% ректор гранты, екінші орын иегерлеріне – 75% жеңілдік, ал үшінші орынға ие болған қатысушыларға – 50% жеңілдік ұсынылды.

 

 

Турнир қорытындысы бойынша ұлдар арасында «Оқушы Арланы» атағын Еркін Еркебұлан жеңіп алса, Қырғызбай Нұрислам екінші орынды, ал Нұр-Махан Расул үшінші орынды иеленді. Қыздар арасындағы «Оқушы Қыраны» турнирінде бас жүлде Диляра Егізбайға бұйырды. Аяжан Шәріп күміс, Ақнұр Тұрар қола жүлдені еншіледі.

 

 

Бұл — тек спорттық жеңіс емес, сонымен қатар жас өрендердің жоғары білімге, ғылым мен өркениетке ұмтылуына берілген мүмкіндік. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті алдағы уақытта да ел болашағы — жастарды қолдауға бағытталған осындай игі бастамаларды жалғастыра береді.