«Ұлт рухын ұлықтаған сазгер»: Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті
2025 жылдың 5 мамырында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде қазақтың ұлы композиторы, дирижері, күйші әрі халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухын ұлықтаған сазгер» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Мәдени шараны университеттің Ақпараттық-кітапханалық орталығы №5 оқу залында өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын студенттерге кеңінен таныстыру, рухани мұрасын ұлықтау және жастарды ұлттық өнерге баулу.
Кеш аясында қатысушылар композитордың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы бейнематериалдарды тамашалады. Сонымен қатар, оқытушылар, студенттер және арнайы қонақтар сазгердің жүрек тербер әндері мен терең мағыналы күйлерін орындап, оның шығармашылығына арналған өлеңдер мен естеліктерді тебірене оқыды.
Әсіресе, «Қазақ тілі мен әдебиеті» 23-1 тобының студенттері арнау жырлар мен поэтикалық композициялар арқылы сазгерге деген құрметтерін жеткізді. Шара барысында «Шерхан сазы» ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі Кузембаева А.А. Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» және «Жекпе-жек» атты күйлерін орындап, көрермендерге терең әсер қалдырды. Ол композитордың қазақ музыкасына қосқан өлшеусіз үлесі туралы жүрекжарды пікірін де бөлісті.
Кеш соңында қатысушылар композитордың шығармашылығына қатысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Құстар әнін» бірге орындады.
Бұл әдеби-сазды кеш Нұрғиса Тілендиевтің өнерін ұлықтап, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған тағылымды мәдени шара ретінде есте қалды.
Іс-шара қонақтары:
• Педагогика кафедрасының деканы – Нұрбеков Талғат Балтабекұлы
• “Шетел тілдері” кафедрасы жетекшісінің м.а. – Рысалдиев Ж.М.
• Ақпараттық-кітапханалық орталық әдіскері – Сарсекеева А.М.
• “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының оқытушысы – Стамқұлова Б.
• “Жалпы педагогика” кафедрасының ассистентері – Сманова У.К., Рзатай А.Қ.
• “Шерхан сазы” ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі – Кузембаева А.А.
• Шараның белсенді оқырмандары – БОПӘ 24-1 тобының студенттері