COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Ғылым – өндіріс серпіні: Шерхан университетінде жаңа балық зауыты ашылды

Ғылым – өндіріс серпіні: Шерхан университетінде жаңа балық зауыты ашылды

 

Қазақстан ЖОО қауымдастығының жалпы жиналысынан кейін құрметті қонақтар – университет ректорлары, министрлік өкілдері, сарапшылар мен жергілікті билік мүшелері Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысты.

 

 

Іс-шара барысында делегация оқу орны жанындағы агробиологиялық, мал шаруашылығы және аквакультура бағытындағы ғылыми-зерттеу орталықтарын аралап, олардың заманауи әлеуетіне куә болды. Бұл орталықтар – студенттердің практикалық дағдыларын жетілдірумен қатар, өңірлік агроөнеркәсіп кешенін ғылыми тұрғыда қолдауға арналған маңызды алаңдар.

 

 

Атап айтқанда, агробиологиялық орталық жылыжай кешендері мен отандық өсімдік селекциясын зерттеуге бағытталған тәжірибелік алаңдарды ұсынса, мал шаруашылығы орталығы асыл тұқымды ірі қара өсіруге арналған ферма қызметімен ерекшеленеді.

 

 

Күннің басты жаңалығы – жаңа балық зауытының салтанатты ашылуы болды. Бұл – Шерхан Мұртаза атындағы университеттің аквакультура бағыты бойынша жүзеге асырған ірі жобаларының бірі. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, «Ғылым қоры» арқылы 280 млн теңге көлемінде бөлінген коммерцияландыру гранты аясында жүзеге асқан.

 

 

Балық шаруашылығына арналған бұл жаңа нысан өңірдегі су айдындарының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мен экожүйені сақтай отырып, өнімділікке қол жеткізуге бағытталған. Қазіргі таңда Жамбыл облысында 148 су айдыны болса, соның 50-іне университет ғалымдары ғылыми-биологиялық негіздеме жасап үлгерген.

 

 

Балық зауыты – өңірлік ғылым мен жергілікті өндірістің нақты түйіскен тұсы. Мұнда балық өсіру технологиясы, азықтандыру жүйесі, су сапасын талдау сынды процестер толық қамтылған. Бұл нысан студенттерге өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріп қана қоймай, өңірдегі кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына ғылыми-тәжірибелік қолдау көрсететін базаға айналмақ.

 

 

Ректор Махметғали Сарыбековтің айтуынша, университеттің басты мақсаты – білім мен ғылымды ұштастыра отырып, өңірлік экономиканың нақты қажеттіліктеріне жауап бере алатын кадр мен технология дайындау.

– Біз үшін ғылым – тек зерттеу емес, нақты нәтиже беретін өндірістік шешім. Бүгінгі ашылған балық зауыты – соның айқын дәлелі. Бұл – университеттің өңірге, бизнеске және жас мамандарға ұсынар нақты үлесі, – деді университет басшысы.

 

 

Аталған ғылыми бағыттар – агроөнеркәсіп кешенінің дамуына жаңа серпін беріп, Жамбыл облысын балық шаруашылығы бойынша республикада алдыңғы қатарға шығаруға мүмкіндік беретін нақты қадам.

Бұл жоба – білім мен ғылымды тек теориялық деңгейде емес, өндірісте де жүзеге асыруға болатынын көрсеткен жарқын үлгі. Шерхан университетінің ғылыми-инновациялық әлеуеті осылайша өңірлік өрлеуге нақты үлес қосып отыр.