COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Наурыз – Ұлттық дәстүр мен болашақтың үміті

Наурыз – Ұлттық дәстүр мен болашақтың үміті

 

14.03.2025 жылы, 22 наурыз мерекесіне орай, «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Наурыз – Ұлттық дәстүр мен болашақтың үміті» атты іс-шарамыз өтті. Бұл мерекелік шараның аясында ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетіміздің тереңіне бойлап, жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды қадамдар қарастырылды. Іс-шараға Тәрбие ісі жөніндегі проректорымыз, білікті маман Г.Қ.Құлабекова мен Н.Ж.Абитаева қатысып, сайыстарымызға әділ төрелігін жасап, шынайы құттықтау сөзін айтты. Студенттеріміз өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, нағыз өнерлерін ұсынды, олар ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастыра отырып, барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.

 

 

Сонымен қатар, «Жалпы педагогика» кафедрасының оқытушылары «Тұсаукесер» рәсімін көрсетіп, көрініс қойып, тыңдармандарды ұлттық дәстүрдің маңызды тұстарымен таныстырды. Бұл шара баршаға жүрекке жылулық, ізгілік пен мейірімділік сыйлады, мерекенің мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді. Іс-шарамызға “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының меңгерушісі Беркенова Р.А., және “Шетел тілдер” кафедрасының меңгерушісі Рысалдиев Ж.М., сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Олар өз сөздерінде ұлттық мерекенің маңызы мен жастарға берер тәрбиелік құндылығын атап өтіп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.