Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында "Құқықтық сауыттылық - уақыт талабы" тақырыбында құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесі. Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.
«Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу, онымен күресу жолдары.
Кездесуге арнайы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалистикалық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Шохан Альжанов, Тараз қаласы 1-Полиция Басқармасы Криминалистикалық полиция басқармасының жедел уәкілі Диханбаев Айбек Бейсенбайұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Бақтыхожаев Ербол Жұмақадырұлы қатысты.
Шара барысында келген қонақтарға студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, құқықтық сауаттылық тұрғысында лайықты жауаптар берілді.






06 Фев 2024
1055