ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2024 | МОДУЛЬ 6 Оқытудың жаңа тенденциялары
«Шығармашылық мамандықтар» факультетіне қарасты «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының т.ғ.к. Күнсұлу Таукебаева
«Оқытудың жаңа тенденциялары» яғни Модуль 6 бойынша және «Оқытудың тиімді әдістері» тақырыбы аясында шеберлік сабағын жалғастырды.
Күнсұлу Таукебаева миға шабуыл, әдіс,тәсіл ұғымдарына қысқаша анықтама беріп, оқудың 4 негізгі қағидатын түсіндірді. Тиімді оқу мен оқытудың тәсілдеріне кеңінен тоқталып өтті:
-белсенді оқу;
-бірлескен оқу;
-саралау;
-пәнаралық байланыс;
-студенттердің танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
-оқу диалогтері;
-электрондық оқу және жаңа технологияларды пайдалану;
-модельдеу.
Күнсұлу Таукебаева шеберлік сабағын аяқтай келе, жұмысты саралаудың кең тараған жеті тәсілімен таныстырып өтіп, оқытушылармен сұрақ-жауап алмасты, өзара бағалау және рефлексия арқылы қорытындылады.Сонымен, Модуль 6 Оқытудың жаңа тенденциялары оның ішінде «Оқытудың тиімді әдістері» тақырыбы бойынша кешенді түрде кәсіби тұрғыда шеберлік сабақ жүргізген «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының т.ғ.к. Күнсұлу Сатханқызына зор алғысымызды білдіреміз!




12 Янв 2024
1110