"Тәуелсіздік. Тарих. Жасампаздық" атты іс-шара өткізілді
Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Жаратылыстану" факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қарсаңында “Тәуелсіздік. Тарих. Жасампаздық” атты іс-шара өткізілді.
Шараға ХТИИ вице-президенті Махметғали Сарыбеков, ректор Марат Баяндин, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Махметғали Нұрғалиұлы және Марат Асылбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, барша ұжымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде өнерлі студенттер өлең оқып, күй тартып, ерекше көңіл күй сыйлады.





14 Дек 2023
1062