КӘСІБИ БАҒДАР 2024
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы мектеп бітіруші түлектер мен оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында Жамбыл облысы, Жуалы ауданының мәдениет үйінде кездесу өтті.
Шараға Жуалы ауданының мектеп бітіруші түлектері мен ұстаздары қатысты. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты вице-президенті Махметғали Сарыбеков оқу ордамыз туралы толық ақпарат беріп, материалдық-техникалық базамен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім беру бағдарламаларымен толық таныстырды.
Сонымен қатар Жаратылыстану факультетінің деканы Мурат Нургабылов институт туралы мәліметтер беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шара барысында институтымыздың өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынды.





17 Нояб 2023
1120