Электронды кітапханамен таныстыру оқыту-тренингі өтті
2023 жылдың 27-қыркүйегінде Ақпараттық-кітапханалық орталықтың №2 оқу залында «ПЕДАГОГИКА» және «Шығармашылық мамандықтар» факультеттерінің студенттерімен дәстүрлі түрде өтетін кітапхана ресурстарын пайдалану бағытында тренингтер өткізілді.
Ақпараттық-кітапханалық орталықтың сайтымен (https://lib.htii.kz) таныстырылды. Сонымен қатар, АИБС «МегаПро» электронды каталогында құжаттарды іздестіру жолдары және РМЭБ, IPRSMART, Aknur PRESS, Web of Science, Scopus электронды кітапханаларымен жұмыс жасау тәсілдері, мәлімет алу жолдарымен таныстырылды.





27 Сен 2023
1192