COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / ТІЛ САЯСАТЫН ҚОЛДАУ –ЗАМАН ТАЛАБЫ

ТІЛ САЯСАТЫН ҚОЛДАУ –ЗАМАН ТАЛАБЫ

Сәуір айының 14 күні сағат 10.00-де Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының облыстағы тіл саясатын насихаттау, оның қолданыс аясын кеңейту мақсатындағы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Жамбыл облыстың филиалының бастауыш ұйымын ашуға орай жиыны өтті.

Жиынды институттың бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Аскар Абдуалы ашып, Президенттің сарабдал саясаты мен кез келген тапсырмасын институт ұжымы сезіне отырып қабылдап, орындайтындығын жеткізді.

Ал Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Мөлдір Ахметова алдағы уақытта аталған филиал жұмыстарын өңірдегі ірі кәсіпорындарда, мекемелерде жүргізу көзделіп отырғандығын жеткізіп, бастауыш ұйым ашу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Отырыс нәтижесінде Халықаралық Тараз инновациялық институты ұжымының атынан «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымының төрағасы болып бірауыздан Бахтияр Бекназаров Арманұлы сайланып, бекітілді. Сонымен қатар, ұйымның мүшелері бекітіліп, Жамбыл облыстық Тілдерді дамыту басқармасы институт ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

ХТИИ «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші маманы Жадыра Байсақалова