«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» конкурсының республикалық кезеңіне үміткерлер анықталды
Белгіленген критерийлер мен университетішілік іріктеудің қорытындысы негізінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Ғылыми кеңесі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» конкурсының республикалық кезеңіне қатысатын үміткерлердің кандидатураларын бекітті.
Еңбек өтілі 15 жылға дейінгі үміткерлер:
- Нургабылов Мурат Нуридинович – Жаратылыстану факультетінің деканы, еңбек өтілі – 12 жыл;
- Ермекова Айнұр Сайланбековна – «Жаратылыстану мамандықтары» кафедрасының аға оқытушысы, еңбек өтілі – 5 жыл.
Еңбек өтілі 15 жылдан жоғары үміткерлер:
- Серубаева Аурика Темирхановна – «Тарих және география» кафедрасы профессорының ассистенті, еңбек өтілі – 24 жыл;
- Маликтаева Пернекул Маликтайқызы – «Стандарттау және ветеринария» кафедрасының меңгерушісі, еңбек өтілі – 25 жыл;
- Аязбаев Талгатбек – «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, еңбек өтілі – 46 жыл.
Университет ұжымы республикалық кезеңге жолдама алған үміткерлерге сәттілік тілеп, кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызметтеріне толағай табыс тілейді!

23 Нояб 2026
51