«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» конкурсы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» конкурсының өткізілетінін хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жоғары оқу орнында штаттық оқытушы ретінде жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар оқытушылар қатыса алады.
Конкурстың І кезеңі 2026 жылғы 5 қарашадан 18 қараша күні сағат 18:00-ге дейін өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы бес жылдағы – 2022–2026 жылдардағы растайтын құжаттар);
Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес 2026–2027 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Конкурстың І кезеңінің қорытындысы бойынша апелляция беру мерзімі – 2026 жылғы 19–20 қараша.
Өтінімдер мен құжаттар https://universitycontest2026.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Конкурс талаптары, нормативтік құжаттар және жүйені пайдалану жөніндегі нұсқаулық аталған сайтта орналастырылған.
➟ Бұйрық

06 Нояб 2026
155