COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасуда

Құрметті профессор-оқытушы құрамы!

 

Сіздерге халықаралық деңгейде кәсіби біліктілікті арттыруға мүмкіндік беретін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2026 жылға арналған «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың басталғанын хабарлаймыз.

Бұл бағдарлама университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлеріне әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында тәжірибеден өтуге жағдай жасайды.

 

Құжат қабылдау мерзімі

- құжат қабылдау: 2026 жылғы 16 наурыз–30 қазан;

- конкурстық іріктеу: 2026 жылғы 13 сәуір–31 желтоқсан;

- тағылымдама ұзақтығы: 3 айдан 12 айға дейін;

- 2026 жылға бөлінген стипендия саны: 250.

 

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын және төмендегі талаптарға сәйкес келетін университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері қатыса алады:

1. ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD, бейіні бойынша доктор немесе магистр дәрежесінің болуы;

2. таңдаған ғылыми зерттеу бағыты бойынша соңғы 12 айда үзіліссіз жұмыс өтілінің болуы;

3. 2026 жылға бекітілген ұйымдар тізіміне енгізілген шетелдік ұйымнан шартсыз шақыру хатының болуы;

4. мемлекеттік және шет тілдерін белгіленген деңгейде меңгергенін тиісті сертификаттармен растауы;

5. Web of Science немесе Scopus дерекқорларында индекстелетін кемінде бір мақаласының немесе шолуының болуы не уәкілетті орган бекіткен ғылыми басылымдар тізімінің 1 немесе 2-тізіміне енгізілген басылымда кемінде бір мақаласының және (немесе) Derwent Innovations Index халықаралық өтінімінің болуы;

тағылымдама тақырыбының 2027 жылға бекітілген ғылыми зерттеулердің басым бағыттарына сәйкес келуі.

 

Назар аударатын маңызды шарттар

- шетелдік ұйым 2026 жылға арналған ресми ұйымдар тізіміне енгізілуі тиіс;

- шақыру хатында зерттеу бағыты, тағылымдама мерзімі және шығындардың толық есебі көрсетілуі қажет;

- тағылымдама бағдарламасы университетпен және қабылдаушы шетелдік ұйыммен келісілуі тиіс;

- шетелдік құжаттар қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады;

- университет үміткердің жұмыс орнының сақталуын қамтамасыз етеді;

- конкурс жеңімпазы тағылымдамадан кейін өзін жіберген ұйымда кемінде 3 жыл үздіксіз еңбек қызметін атқаруға міндетті;

- стипендия иегері белгіленген талаптарға сәйкес екі кепілгер ұсынады.

Бағдарлама академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, жол жүруге, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға және оқу материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды өтейді. Сонымен қатар қатысушыларға ай сайынғы стипендия төленеді.

Өтінімдер eGov.kz порталы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесіне қолма-қол қабылданады.

Толық ақпарат, құжаттар тізімі, басым ғылыми бағыттар және шетелдік ұйымдар тізімі bolashak.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасына хабарласуға болады:

Мекенжай: Желтоқсан көшесі, 69Б
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.