«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық конкурсы туралы
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) басталғаны туралы хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағын беру қағидаларына» сәйкес өткізіледі.
Конкурс кезеңдері:
- I кезең: 2025 жылғы 3 қарашадан 14 қарашаға дейін;
- Апелляция мерзімі: 2025 жылғы 17–19 қараша аралығы;
- II кезең: 2025 жылғы 1 желтоқсаннан 12 желтоқсанға дейін.
Қатысу шарттары:
Конкурсқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатыса алады.
Үміткерлер өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес үлгідегі өтінім;
- Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес соңғы 5 жылдағы (2021–2025 жж.) сапалық және сандық көрсеткіштер туралы мәліметтер;
- Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес 2025–2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
- Кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
- Жеке куәліктің көшірмесі.
Конкурсқа қатысу туралы толық ақпарат пен қағидалармен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506
Аталған конкурсқа қатысуға ниет білдірген оқытушылардан өтініштерін алдын ала «Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар» басқармасына хабарлау сұралады.

24 Окт 2025
611