Құрметті 1-2 курс студенттері!
2025-2026 оқу жылының күзгі семестрінде республикалық бюджет есебінен Европалық серіктес жоғары оқу орындарында, сонымен қатар өз қаражаты есебімен қазақстандық және шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық асында білім алуға ниет білдіретін студенттердің өтінімдерін қабылдау мерзімінің ашылғандығын хабарлаймыз!
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш;
2. Транскрипт (оқу үлгерімі GPA 3,0-ден кем емес);
3. Куратордың атынан мінездеме;
4. Факультет деканының атынан ұсыныс хат;
5. Бар болған жағдайда, IELTS немесе TOEFL шет тілін білуін растайтын құжаттар (халықаралық академиялық ұтқырлық үміткерлері үшін);
6. Дипломдар, алғыс хаттар және сертификаттар (бар болған жағдайда);
7. Шетелдік паспорттың көшірмесі (халықаралық академиялық ұтқырлық үміткерлері үшін) және жеке куәлік көшірмесі;
8. Білім алушылардың келесі санаттарға жататындығын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда):
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжат;
-бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
-көп балалы отбасылардан шыққан балалар – бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
9. Жоспарланған семестрге арналған студенттің жеке оқу жоспары;
10. 3х4 сурет 4 дана.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2025 жыл, 15 сәуірге дейін.
Құжаттар Желтоқсан көшесі, 69б мекен-жайында орналасқан бас ғимараттың, 202 кабинеті, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасына өткізіледі.
Қосымша сұрақтар бойынша: 87778757535 Гулшат Манибековна