COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан Мұртаза университетінде жастар арасында синтетикалық есірткі мен зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған кездесу өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде жастардың денсаулығын сақтау, синтетикалық есірткінің алдын алу және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру мақсатында ақпараттық-ағартушылық кездесу ұйымдастырылды.

 

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізіліп, студенттер арасында есірткі заттарының таралу қаупі, олардың адам денсаулығына тигізетін зияны, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналды.

 

Кездесу барысында студенттерге «Некнижные закладки» және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді. Аталған туындылар арқылы жастарға синтетикалық есірткінің адам өміріне тигізетін кері әсері, құқық бұзушылықтың салдары және зорлық-зомбылықтың жеке тұлға мен қоғамға ықпалы нақты мысалдар негізінде түсіндірілді.

 

Іс-шараға құқық қорғау органдары мен жастар саясаты саласының мамандары қатысып, студенттерге синтетикалық есірткінің қауіптілігі, оның таралу жолдары және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпарат берді.

 

Сонымен қатар кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, одан қорғану тәсілдері және азаматтардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктері түсіндірілді.

 

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Денсаулық және әл-ауқат» бағытына тікелей сәйкес келеді. Атап айтқанда, ТДМ 3.5 міндеті психикалық белсенді заттарды, оның ішінде есірткі заттарын теріс пайдаланудың алдын алу және емдеу шараларын күшейтуді көздейді.

 

Университетте өткізілген ақпараттық кездесу осы міндеттің профилактикалық бағытымен байланысты. Студенттерге синтетикалық есірткінің қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы жеткізілді.

 

Сонымен қатар іс-шара ТДМ 16 – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсатымен де байланысты. Зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың салдарын түсіндіру және құқықтық қорғау тетіктері туралы ақпарат беру қауіпсіз әрі бейбіт қоғам қалыптастыру қағидаттарымен үндеседі.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті осындай профилактикалық және ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар арқылы студенттердің денсаулыққа қатысты сауаттылығын арттыруға, зиянды әдеттердің алдын алуға және жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуда.