COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Қазақстан қоржынына алтын: университет түлегі Нұрқанат Серікбаев Гранд-Слэм чемпионы атанды

 

20–22 наурыз күндері Тбилиси қаласында өткен Tbilisi Grand Slam халықаралық турнирінде Қазақстан намысын қорғаған Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті түлегі Нұрқанат Серікбаев жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, 66 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

 

 

Әлемнің әр елінен жиналған 500-ге жуық спортшы қатысқан беделді жарыста ол қарсыластарының барлығын сенімді түрде жеңіп, финалда да басымдық танытты. Осылайша Нұрқанат Серікбаев Гранд-Слэм турнирінің екі дүркін чемпионы атанды.

 

 

Жеңістен кейін чемпион Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің президенті Нұржан Муслимовтың қабылдауында болды. Кездесу барысында университет президенті даңқты спортшыны жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда да сәттілік тіледі.