2 курс студенттері үшін "Педагогикалық - психологиялық" практикасына кету конференциясы өткізілді

2026 жылдың 12 ақпанында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Университеті, “Педагогика” факультетінің “Жалпы педагогика” кафедрасының ұйымдастыруымен 6В01101 “Педагогика және психология”, 6В01201 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, 6В01301 “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері үшін “Педагогикалық - психологиялық ” практикасына кету конференциясы өткізілді.

Бұл конференция студенттердің білім алып жүрген саладағы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға арналған маңызды кезең екенін атап өтті. Конференция барысында студенттер университет бұйрығымен танысып, қауіпсіздік ережесіне қол қойып, практика барысында сақталатын тәртіпті әрі ережелерді қатаң ұстануға міндеттелді.

Сонымен қатар, барлық студенттерге практикалық іс-шараларға арналған бағдарлама ұсынылып, мектептер мен балабақшалармен таныстырылды. Конференция барысында күнделік толтыру мен қажетті құжаттарды жинау бойынша түсіндірмелік жұмыстар жүргізіліп, студенттерге практиканың негізгі талаптары мен міндеттері туралы кеңестер берілді.
Конференцияға кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С., сеньор-лектор Фатикова Н.А., ассистент Рзатай А.Қ. қатысты. Кафедра меңгерушісі студенттерге педагогикалық - психологиялық практикаларына сәттілік тілеп, олардың білім мен тәжірибеге деген құштарлығын арттыра түсетін маңызды дағдыларды игерулеріне сенім білдірді.

16 Ақпан 2026
96