
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Педагогика» факультеті, «Жалпы педагогика» кафедрасында «Абай әлемі: ұлттық болмыс пен жалпыадамзаттық құндылықтар» атты мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Абай шығармашылығы арқылы ұлттық болмыс пен жалпыадамзаттық құндылықтардың сабақтастығын талқылау, жастарды рухани тұрғыдан дамыту және ойлы пікір алмасуға мүмкіндік жасау.
Шараға қатысқан құрметті қонақтар:
– Факультет деканы, философия докторы (PhD) Т.Б.Нурбеков,
– «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Р.С.Елубаева,
– Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Д.Д.Сәтбеков,
– Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің директоры С.К.Есеев және Г.М.Шалибекова,
– профессор-оқытушылар: К.Болеев, Ж.Т.Сарыбекова, А.Б.Белботаев, М.Жұмаділдаев
өзекті ойларымен бөлісіп, мазмұнды пікірлер айтты.
Осы рухани кездесудің әуезін терең сезіндіру мақсатында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Түзел Мейірім Абайдың өлеңін нақышына келтіре, мәнерлеп оқыды.
Шара соңында қонақтарымызға алғыс белгісі ретінде шағын сыйлығымыз табысталып, дөңгелек үстел жылы ықыласпен қорытындыланды.
Абай әлемі — рухани биіктікке бастайтын мәңгілік жарық жол.
Ұйымдастырушылар:
«Педагогика» факультеті, «Жалпы педагогика» кафедрасы
Сеньор-лектор Н.А.Фатихова және ассистент У.К.Сманова

03 Дек 2025
180