Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шығармашылық мамандықтар» факультеті ақын Жамбыл Жабаевтың 175-жылдық мерей тойына арналған ІІ-дәстүрлі облыстық «Өлке өркениеті» тақырыбында жас суретші-шеберлер байқауын өткізді. Байқауды өткізудің мақсаты, жас суретші-шеберлердің ой зердесімен, көзімен, туған жердің табиғатын, өркениеттік сипатын бейнелеу, талантты жастардың әсемдікті көркемдеп сезіне білу ерекшеліктерін танытып, олардың шығармашылық бастамасына қолдау көрсету болды. Байқауға 17-19 жас аралығындағы мектеп, арнаулы орта және жоғары білім беру мекемесінің білім алушылары жас ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлініп 14-16 жас және 17-19 жас аралығында қатысты. Байқауға бейнелеу өнерінің салалары живопись, графика, мүсін, қолданбалы қолөнер, көркем фото, дизайн және үздік үй тапсырмасы номинациялары бойынша қала, аудан мектептерінің оқушылары мен ЖОО-ның студенттері қатысып, жүлделі орындар және сертификаттармен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Аталған жүлделі орындардың номинациясы бойынша ҚР суретшілер одағының мүшесі М.М Егизеков. марапаттады.
Сонымен қатар байқауға Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Көркем еңбек және сызу» мамандығының бітіруші 4 курс студенті, «Ажур» шығармашылық студиясының көркем өнер жетекшісі Ахметова Наргиза балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін көпшілік назарына таныстырды.
Институт басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Бегасыл Белгібаевты Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.
Соғыс шебіне 1943 жылы аттанған майдангер Жуалы өңірінде дүниеге келген. Қиыр Шығыста Чита қаласында атқыштар полкында жауынгер болған ол Жапон басқыншыларынан азат етуге де қатысқан. Елге 1948 жылы оралған.
Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагеріне Халықаралық Тараз инновациялық институтының Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Гүлшат Құлабекова институт тарапынан жасалған сыйлықты тапсырды.
Гүлшат Қамбарбекқызы Жеңіс күнін жақындатқан майдангерлерге құрмет мейрам қарсаңында ғана емес, жыл бойы жасалу керектігін айтып, Бегасыл ақсақалға деніне саулық, отбасына амандық тіледі. Өз кезегінде қарт майдангер институт ректоры мен ұжымға алғыс білдіріп, батасын берді.
6 мая 2021 года Международный Таразский инновационный институт провел Международную научно-практическую интернет-конференцию на тему «Трансформация системы высшего образования, бухгалтерского учета и аудита в эпоху формирования цифровой экономики», посвященную 70-летию Почетного работника образования PK, Академика Международной экономической академии «Евразия», доктора экономических наук, профессора Тажибаева Серика Дуйсеналиевича.
В программе конференции включены доклады по актуальным проблемам высшей школы и организации бухгалтерского учета и аудита в условиях формирования цифровой экономики.
В работе конференции приняли участие представители МГУ им. М.Ломоносова, Верхносилезского экономического университета им. Корфанто (Польша), Украинского Государственного химико-технологичecкого университета, Московского государственного гуманитарно-экономического университета, научные сотрудники стран дальнего и ближнего зарубежья (Россия, Польша, Литва, Украина, Кыргызстан, Таджикистан, Узбекистан) и других Вузов, а также практические работники образовательных, исследовательских организаций, представители бизнес-структyp (директopa коммерческих банков) и государственных органов.
В рамках конференции работали 4 секции, в числе которых: «Цифровизация системы высшего образования: проблемы, приоритеты, перспективы»; «Трансформация бухгалтерского учета в условиях цифровой экономики»; «Реформирование аудиторской деятельности на этапе цифровизации»; «Цифровая экономика и значение финансово-экономических и управленческих аспектов в их решении». Всего прочитано 126 научных докладов.
Серия докладов посвящена системе организации бухгалтерского учета и аудита в эпоху трансформации цифравой экономики Казахстана и переходу к цифравизации высшей школы. Сборник материалов предназначен для ученых, специалистов, преподавателей, магистрантов и студентов.
Конференция была проведена в онлайн режиме на платформе ZOOM.